11 сәуір 2014 17:50

Назарбаев шенеуніктерге отандық көліктерге отыруды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық автокөлік. ©tengrinews.kz Қазақстандық автокөлік. ©tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге тек отандық көліктерге отыруды тағы да тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге тек отандық көліктерге отыруды тағы да тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Барлықтарың өзіміздің көліктерге отыруларың керек. Отандық көлігіміз жоқ кездері сатып алатынбыз, ал қазір жағдай басқаша. Бұл талап мемлекеттік қызметкерлермен қатар, кәсіпкерлерге де қатысты. Нұрлан, сен өзің көліктер сатасың, бірақ отырғаның - Mercedes", - деді Елбасы ұлттық инвесторлар кеңесінде Нұрлан Смағұловқа қаратып.

Нұрлан мырза өз кезегінде кейінгі уақытта мерседесті отандық көлікке ауыстырғанын айтты. "Мен барлық құзырлы органдарға тек отандық көліктерді сатып алуға тапсырма бердім. Мәселен, Астана мен Алматы көшелерінен өзімізде жасалған бағасы 40-50 мың доллардан аспайтын автобустардан гөрі, құны 400 мың долларға жетеқабыл шетелдік автобустарды жиі көреміз. Үкімет осыны қадағалауы тиіс. Мәселен, Семейде шығарылған автобустардың сапасы нашар деп айтпас едім. Бұл талап жеңіл автокөліктерге де қатысты", - деді Елбасы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети