28 қыркүйек 2016 14:32

Назарбаев Шимон Перес жайлы: "Кездесулерімізді жылы сезіммен еске алатын боламын"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің қайтыс болуына байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің қайтыс болуына байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жалғасы

Жеделхатта Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің өмірден өткені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қазақстан халқы Шимон Пересті парасатты басшы, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға орасан еңбек сіңірген тарихи тұлға әрі беделді саясаткер ретінде әрдайым есте сақтайтын болады", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Пересті өзінің адал әрі сенімді досы ретінде құрмет тұтқанын атап өтті.
"Онымен әңгімелесу әрдайым пайдалы еді, сол кездесулерімізді жылы сезіммен еске алатын боламын", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Израиль Президенті Р.Ривлинге және барша Израиль халқына көңіл айтты.

Еске салайық, осыған дейін Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перестің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Шимон Перес Израильдегі маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарған еді. Ол бірнеше рет Израильдің Қорғаныс министрлігін басқарды, Қаржы министрлігін, СІМ, ІІМ және басқа да ведомстволарды басқарды. Перес 2007-2014 жылдары Израильдің президенті болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети