09 маусым 2017 12:59

Назарбаев ШЫҰ қалай құрылғанын еске алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше (ШЫҰ) елдердің мемлекет басшыларының саммиті өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы тәуелсіздік сарайынан.


Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше (ШЫҰ) елдердің мемлекет басшыларының саммиті өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы тәуелсіздік сарайынан.

Астанада өтіп жатқан саммит қонақтарын қарсы ала отырып, Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалай құрылғанын еске алды. Биыл ШЫҰ-ға 16 жыл толады.

"Осындай кезде бес мемлекеттің Қытай халық республикасымен шекара мәселесін шешіп, қол қойғаннан кейін тарау сәті еске түседі. Сол кезде Қытай көшбасшысы болған Цзян Цзэмин екеуіміз, мен былай деп ұсындым - шекара мәселесінен кейін тарамай-ақ, экономикалық одақтастық құрайық деп. Осылайша ШЫҰ пайда болды. Осылайша біз Рахмонов мырзамен бірге (Тәжікстан президенті), сол тарихи оқиғаны бастан кешірдік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Сіздердің барлығыңызды ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы аясында Қазақстан астанасында көруге қуаныштымын. Астанада ұйымдастырып отырған саммитімізге келгендеріңізге алғыс айтамын. Сондай-ақ, бүгін осындағы барлық президенттің атынан президент болып сайланған соң алғащ рет осы саммитке қатысып жатқан Өзбекстан президентіне алғыс айтамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ қатысушыларына.

"Осылайша, ШЫҰ Жер шарының 40 пайыз тұрғындарының басын қосқан ұйым болып отыр. Ең бастысы - осы "шанхай рухын" сақтап қалу. Себебі бұл ұйым консенсус негізінде барлық туындаған мәселелрді шешу болып табылады", - деді Қазақстан Президенті.

 

Айта кетейік, 8 маусымда ШЫҰ мүшелері ресми сапармен Қазақстанға келген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев олардың кейбіреулерімен жеке кездесіп үлгерді. Сол күні кешкі уақытта қонақтар "Астана Опера" театрына Шанхай ынтымақтастық ұйымының көшбасшылармен отырыс өткізуге арналған концертке шақырылды.

Бүгін Астанада іс-шараның ресми бөлімі басталып жатыр. Дәстүр бойынша ШЫҰ көшбасшыларымен өтетін отырыс алдында Нұрсұлтан Назарбаев өзі жеке қонақтарды күтіп алып, кейіннен олармен бірге суретке түседі. Ал сосын хаттама бойынша Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы, сондай-ақ, құжаттарға қол қою рәсімі өтеді.

Осы кездесудің негізгі мақсаты - Үндістан мен Пәкістанның осы ұйымға кіруі. Олар Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық құқылы мүшесі болады. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жақында осы елдердің премьер-министрлерімен кездескен болатын. Қазақстан Президенті Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға кіру процесі осыдан 12 жыл бұрын басталғанын айтып өткен еді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының 17-ші Кеңесінде бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған. Мемлекет басшылары Астана декларациясына қол қояды, ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы іс-қимыл Конвенциясы қабылданады. Жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады. 

Келіссөздер кеңейтілген құрамда да, жеке құрамда да өтеді делінеді. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының ШЫҰ жағдайына баға беріп, міндеттерді бекітіп, ұйымның даму перспективаларын анықтайды. 

Ал кешке жақын саммиттің барлық қатысушысы EXPO-2017 халықаралық көрменің ашылу салтанатының қонақтары болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети