31 шілде 2015 19:35

Назарбаев Си Цзиньпиньді Бейжіңнің Олимпиада-2022 астанасы болып таңдалуына байланысты құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Бейжің қаласының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы  Си Цзиньпинді Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болуына байланысты шын жүректен құттықтады. "Бұл оқиға жаңа Қытайдың зор мүмкіндіктерін әлемге тағы да паш етті. Қытай тарапының Олимпиадалық ойындарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып, халықтар достығы мен бейбітшілікті дәріптейтін олимпиадалық дәстүрді одан әрі нығайтуға үлес қосатынына кәміл сенемін", - деп атап өтілген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ҚХР Төрағасына қысқы Олимпиада ойындарын табысты өткізуге, ал достас Қытай халқының бақ-берекесі артып, гүлдене беруіне тілектестік білдірді.  

Еске сала кетейік, Олимпиада-2022 Бейжіңде өтетін болды. ХОК мүшелері Алматы қаласына 40 дауыс, ал Бейжіңге 44 дауыс берді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети