01 наурыз 2016 13:08

Назарбаев толеранттылықты қалай түсіну керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ria.ru © ria.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған шарада қазақстандықтарды толерантты болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған шарада қазақстандықтарды толерантты болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Бір күні барлығымыздың да түріміз, шашымыздың түсі, көзіміздің түсі бірдей болып шыға келсе ше? Керемет қой иә? Біз барлығымыз бір-бірімізге қатты ұқсаймыз. Адамның аты адам, ол таңнан түске дейін қасында отырған адамның әйтеуір бір кемшілігін табады: дұрыс отырмады, жөтелді, қасықты басқа қолмен ұстады дегендей. Бұл адамға тән қасиет. Ал толеранттылық адамның қандай болуына қарамастан, оған құрметпен қарауды білдіреді. Түсінесіздер ме? Егер сен адамның кемшіліктерін жақсы көрмесең, оны шын жүректен жақсы күру мүмкін емес дейді. Біз сол кемшіліктерді жақыс көрмейміз ғой", - деді Президент. 

"Толеранттылық дегеніміз - егер түске қарай адамның кемшіліктерін көрсең, оны жария етпеуді, сынамауды, тәжікелеспеуді білдіреді. Оны түсін, қандай болса да құрметте. Үндемей қал. Түсінесіздер ме, ерлік дегеніміз қылыш алып, жауға аттану немесе біреуді пышақтау емес. Ерлік дегеніміз айтқың келгенді іште қалдыру. Міне, бұл нағыз ерлік. Егер осындай ерлік болса отбасыларда тыныштық орнайтын еді, жастар үйлене салып ажыраспайтын еді, бір-бірін түсінер еді. Адам қандай болса да түсіністікпен қарау, бір-бірін жақсартуға тырысу, сынамау. Толеранттылықты қарапайым тілмен осылай түсіндіруге болар еді. Біз барлығымыз, қазақстандықтар негізінде 75 пайызға толеранттымыз, ал қалған 25 пайызын біз тәрбиелеп жатырмыз," - деді Назарбаев.

Қазақстандықтар бүгін, 1 наурызда тарихта тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлап жатыр. Ол бұл мерекенің Қазақстан қоғамындағы сенім мен достықты нығайта түсетініне сенімді. Назарбаев көп елде қақтығыстардың болып жатқанын, сондықтан қазір адамдардың бір-біріне қолдауы үшін алғыс айтуы құнды екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол тіл туралы айтқан сөзін түсіндірді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети