27 маусым 2015 18:40

Назарбаев Тунис пен Кувейтте болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тунис Республикасының президенті Беджи Каид Ас-Себси мен Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахқа осы елдерде болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тунис Республикасының президенті Беджи Каид Ас-Себси мен Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахқа осы елдерде болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев Тунис пен Кувейтте болған террорлық актінің салдарынан жазықсыз жандардың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған.

"Қазақстан барша әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризмді үзілді-кесілді айыптайды", - делінген Тунис президентіне жолданған жеделхатта.

"Біз дүниежүзілік қоғамдастықтың халықаралық экстремизм мен терроризм қатеріне қарсы күрестегі күш-жігері мен қадамдарын толық қолдаймыз", - деп жазды Назарбаев Кувейт әміріне жолдаған жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Тунис пен Кувейт халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, 26 маусымда Тунистің Сус қаласында орналасқан Әл-Кантауи шипажайындағы Imperial қонақ үйінің жағажайында туристерге шабуыл жасалды. Тунистегі атыстан 40 адам қаза тапты. ИМ экстермистік тобы террорлық актіні өз мойнына алды.

Кувейт астанасы Әл-Кувейт қаласының мешітінде 26 маусымда жарылыс болды. Жарылысты ұйымдастырушы өзін жарып жіберді. Салдарынан 24 адам қаза тапты. Бұл террорлық актіні де ИМ ұйымдастырғандарын мойындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети