02 желтоқсан 2014 17:17

Назарбаев Түрікменстанмен арада тауар айналымының айтарлықтай өскенін атап өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

akorda.kz© akorda.kz©

Нұрсұлтан Назарбаев түрікмен әріптесімен кездесу кезінде екіжақты тауар айналымының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Қазір Қазақстан Президенті Түрікменстанда жұмыс сапарымен жүр.


Нұрсұлтан Назарбаев түрікмен әріптесімен кездесу кезінде екіжақты тауар айналымының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Қазір Қазақстан Президенті Түрікменстанда жұмыс сапарымен жүр.

Мемлекет басшысы түрікмен әріптесімен келіссөздер кезінде бүгінгі жағдайда Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы екі елдің экономикалық серіктестігіне елеулі серпін беретінін айтты.

"Парсы шығанағына қарай теміржол төселуіне байланысты осы жылы тауар айналымы 38%-ға өсті. Бұрын мұндай болған емес. Ынтымақтастыққа қажетті резервтер көп, оларды халықтарымыздың игілігіне пайдаланған жөн", – деді Қазақстан Президенті.

Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму болашағы мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түрікменстанның ежелден қалыптасқан тарихи және мәдени байланыстардан бастау алатын екіжақты қарым-қатынастары дәстүрлі достық сипатта екендігін атап өтті.

Елбасы Қазақстан мен Түрікменстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуды қамти отырып, екіжақты ынтымақтастықтың барлық жағы бойынша өзара іс-қимылды ұлғайту керектігіне тоқталды.

"Біз сауда, саяси және мәдени байланыстардың деңгейін көтеру үшін бар күш-жігерді жұмылдыруға тиіспіз деп санаймын. Қазақстан Түрікменстан үшін газ құбырының ғана емес, теміржолдың да транзиттік бағыты болып саналады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Гурбангулы Бердымұхамедов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға сапары өзара байланыстарды барлық жағынан кеңейту тұрғысында маңызды екенін атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети