30 шілде 2014 16:13

Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақордада елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өтті, оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин және Президенттің көмекшісі Ерлан Орынбаев қатысты.

Кеңеске қатысушылар биылғы 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдығы бар міндеттерді қарады.

"Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өтті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кеңесте Украинадағы ішкі саяси ахуалдың және сонымен байланысты халықаралық оқиғалардың отандық экономиканың дамуына ықпал ету ықтималдығының түрлі аспектілері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети