06 тамыз 2014 11:51

Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысының себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Премьер-министр менің тапсырмаммен барлық облысты аралап шықты, сіздерді тыңдады, жергілікті мәселелерді бақылады. Бәрін бірден шешіп тастау мүмкін емес, бірақ көп мәселе бойынша шешім қабылданды, әрбір мәселе бойынша арнайы бағдарламалар бар. Енді соларды бақылауға алу қажет. Тұтастай алғанда, мен Үкіметтің шешім қабылдап жатқанын және аталған стратегиялық құжаттар бойынша менің тапсырмаларымды іске асыру жөнінде көп жұмыс атқарылғанын атап өткім келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыс барысында. Ол Үкімет мүшелерін осы жылғы жұмыстарды қорытындылау үшін және экономиканың жоғары деңгейін ұстап тұрып, көрсеткіштерді төмендетіп алмау мақсатында жоспарларды белгілеу үшін жинағанын айтты.

Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы қазіргі ахуалдың елдегі әрбір жетекшінің жіті назарын талап ететінін атап өтті. "Қойылған міндеттер, қаржыландыру бар. Үкіметтің бұдан арғы экономикалық саясаты болуы мүмкін қауіптерге байланысты мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Сондықтан біз бүгінде ең алыдмен ағымдағы экономикалық саясатты талдауымыз қажет, өзгеріп жатқан жағдайларды ескере отырып, жаңа әрекет ету шараларын жасауымыз керек", - деді Елбасы министрлер мен облыс әкімдеріне.

Айта кетейік, жуырда Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің экономика мен әлеуметтік саланың шешуші мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысын өткізуді ұсынған болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети