15 желтоқсан 2016 12:55

Назарбаев ұлттың қандай жағдайда жойылып кететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© perthnow.com.au © perthnow.com.au

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бэби-бумды қолдауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бэби-бумды қолдауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президентінің айтуынша, егер сәбидің дүниеге келу деңгейі төмен болса, кез келген ұлттың жойылу қаупі бар. 

"Әлемдік мамандар айтады, егер елде туу деңгейі 2,11 пайыздан төмен болса, кез келген ұлт 25 жылда жоқ болады. Ал одан көп болса, ол әрине жақсы. Сол себепті де Қазақстанда бэби-бумды қолдап отыру қажет. Бұл әрине елдегі экономикалық жағдай мен халықтың тұрмысына байланысты. Астана еуропалық мегаполиске айналады, оның тұрғыны үш миллионнан асып түседі. Алматы да дамуын үдете түседі. Басқа да облыстар өз тұрғындарын миллионға жеткізеді, онда ғылым мен технология дамыйтын болады. Бұл әлемдік тәжірибе", - Мемлекет басшысы.

Осыған дейін "Мен үкіметке келесі жылы 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырамын. Бұл 2,2 миллион қазақстандықты қамтуы тиіс. Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап баланың дүниеге келуіне орай берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырамын, - деді Назарбаев. - Қазіргі уақытта біздің елде балалардың дүниеге келуі өте жоғарғы деңгейде. 55 пайызға өсті, бұл біз үшін өте жақсы".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети