17 қазан 2014 16:44

Назарбаев Ұлыбритания, Италия, Венгрия премьер-министрлерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миланда "Азия-Еуропа" форумының 10-саммиті барысында Италия, Ұлыбритания, Венгрия премьер-министрлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миланда "Азия-Еуропа" форумының 10-саммиті барысында Италия, Ұлыбритания, Венгрия премьер-министрлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция және басқа да салалардағы өзара іс-қимылдың негізгі жайттары талқыланды. Сондай-ақ Маттео Ренцидің Қазақстанға сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасты.

Ал Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесу барысында да сауда-экономика және инвестиция саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мен өңірлік қауіпсіздіктің негізгі жайттары жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын түрлі бағыттағы қарым-қатынастарды жандандыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ әртүрлі халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар, өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйі талқыланды.

Айта кетейік, бұдан бір күн бұрын Назарбаев "Азия-Еуропа" форумы саммиті аясында Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттемен және Германия федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездескен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети