02 қазан 2014 16:57

Назарбаев Университетіне жер телімдері қайтарымсыз берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

94 гектар жер Назарбаев Университетіне қайтарымсыз беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаевқа сілтеме жасап.


94 гектар жер Назарбаев Университетіне қайтарымсыз беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаевқа сілтеме жасап.

"Келесі түзетулер университетке берілетін жер телімдеріне қатысты. Қазіргі уақытта университетке бөлінген аудан - 94 гектар. Егер оны сатып алу қажет болса, құны 11 миллиард теңге болады. Бірақ бұл сома республикалық бюджеттен бөлінетіндіктен, мемлекеттік қазынадан айтарлықтай қаражат жұмсамау үшін және оны тиімді пайдалану үшін жер телімдерін Назарбаев Университетінің меншігіне қажетті қаржылай қайтарымсыз беру ұсынылып отыр", - деді Балықбаев ҚР Парламенті Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің отырысында "ҚР білім берудің автономиялық ұйымдары қызметі мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру барысында.

Оның айтуынша, өкілетті мемлекеттік органдар, оның ішінде, Астана әкімдігі де бұл мәселеге қарсы емес. Сонымен бірге, заң жобасы EXPO нысандарының бір бөлігін университетке ғылыми мақсатқа беруді қарастырады. "Назарбаев Университетінің ғылыми әлеуеті үлкен болғандықтан, нысандардың кейбірін ғылыми зерттеулер мақсатына қолдану көзделіп отыр", - деді вице-министр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети