16 қазан 2015 | 09:47

Назарбаевқа костюм тіккен дизайнер оның бағасын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© аkorda.kz © аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың киген отандық өндірістегі костюмі 45 мың теңге тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Made in Kazakhstan костюмдерінің осы және өзге де құпиялары жөнінде дизайнер Айжани Нұрланова әңгімелеп берді.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаевтың киген отандық өндірістегі костюмі 45 мың теңге тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Made in Kazakhstan костюмдерінің осы және өзге де құпиялары жөнінде дизайнер Айжани Нұрланова әңгімелеп берді.

Қазақстандық модельердің айтуынша, ол костюм тігумен үш жыл бойы айналысып келеді. "Біздің кәсіпорын 2013 жылы ашылғалы бері біз костюм тіге бастадық, Президент Назарбаев келгенде де, көрме кезінде де, біз өз өнімімізді оның көмекшілеріне бердік. Осы уақыттың ішінде шамамен бірнеше костюм беріп жібердік, міне таяуда ғана Елбасы қазақстандық тауарлар сапасының қандай екенін көрсете бастады", - деді отандық кутюрье.

Дизайнердің сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа арналып тігілетін костюмдердің маталары мен технологиясы қалған өнімдерге дәл солай қолданылады. "Біз Елбасының костюміне алтын жіп немесе ерекше маталарды қолданған жоқпыз, алайда кейбіреулер солай ойлайтын сияқты. Президенттің киімінің өзіндік бағасы тым жоғары емес. Ал сатып алушылар дәл сондай костюмді дүкендерімізден 45 мың теңгеге сатып ала алады", - деді дизайнер.


Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеп тұр. © Reuters

"Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшілерінің айтуынша, ол біздің костюмдерді шетелге де қуана ала барады. Бәріне көрсетіп, Қазақстанда осындай сапалы дүниелердің шығатынымен мақтанады. Мысалы соңғы болған ірі халықаралық сапарларда, яғни БҰҰ саммитінде және Сочидегі форумда Мемлекет басшысы қазақстандық костюмдерді киіп, көрсеткен", - дейді Айжани.


Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков. © nurotan.kz

Нұрланованың айтуынша, Мемлекет басшысы оның костюмін киіп шыққалы бері сұраныс күрт ұлғайған. "Біздің сатып алушылардың басым бөлігі шенеуніктер, олар Президент жарнамалағаннан кейін дүкендерімізге өтінішті жаудыра бастады. Бастапқыда олар сапасына қарамастан біздің костюмдерді сатып алып жүрді. Қалай десем екен, Президентіміздің үндеуіне қолдау көрсету үшін ғана. Алайда олар тауарлардың сапасын көріп, бірден 3-4 костюмге тапсырыс беретін болды", - деді Айжани Нұрланова.


ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов. Сурет Айжанидің жеке мұрағатынан алынған

Нұрланованың айтуынша, қазір оның клиенттерінің арасында көптеген танымал мемлекет қайраткерлері, шенеуніктер мен шетелдік қонақтар бар. "Шетелдіктер жиі сатып алатын болды. Мысалы, Үндістан елшілігінің қызметкері өзінің императорлық тігіншісінен бас тартты. Оларға біздің тауарлар қатты ұнады, олардың айтуынша, дене пішіндерінің күрделілігіне қарамастан біздің киімдер оларға жақсы тұрады", - деді ол.

Айта кетейік, костюмдерді шығарушы цех Шымкентте орналасқан, тауар бағасына әсер етпеу үшін арзан жұмыс күші де қолданылады. Кәсіпорындағылардың айтуынша, орташа есеппен бір минутта бір костюм тігіледі, ал күніне - 400 дана. Айжани Нұрланова дүкендерінің желісін республиканың барлық аймағында ашуды жоспарлап отыр. 


Дизайнер Айжани Нұрланова (үстіне киген костюмі өз қолынан шыққан)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети