17 қараша 2015 11:24

Назарбаевтың баспасөз хатшысы шетелдегі терактілерден кейін Қазақстандағы қауіпсіздік шаралары жайлы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Абаев. © Тұрар Қазанғапов Дәурен Абаев. © Тұрар Қазанғапов

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев соңғы уақытта бірнеше елде болған терактілерге байланысты Қазақстандағы қауіпсіздік шараларының күшейтілуі туралы сұраққа жауап берді, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев соңғы уақытта бірнеше елде болған терактілерге байланысты Қазақстандағы қауіпсіздік шараларының күшейтілуі туралы сұраққа жауап берді, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифинг кезінде тілшілер президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ислам терроризмге қарсы" форумын өткізу туралы бастамасына қандай елдердің қолдау білдіргені жайлы сұрақ қойды.  

Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев террорлық шабуылдардың барлық ел үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге белгі болғанын айтты.

"Біз де, әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде бұған көз жұмып қарай алмаймыз. Біздің арнайы қызметтер осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр деп айта аламын. Бұл жұмыс кпөшіліктің көзінен таса жүріп жатыр, көпшілігі тіпті сезбейді де, бірақ бұл қызмет бірде-бір минутқа тоқтамайды. Айта кетейін, өзге елдердің терроризмге қарсы іс-қимыл ісінде қауіпсіздік органдарымен біріккен жұмыстар белсенді жүріп жатыр", - деді Абаев.

"Ал "Ислам терроризмге қарсы" форумына келер болсақ, түрлі елдер лидерлерінен осы идеяны қолдау сөздерді қабылдап жатырмыз. Форумның нақты өтетін уақыты мен форматы жайлы айту әзірше ерте, себебі қазіргі уақытта ұйымдастыру жұмысы дайындық үстінде", - деді ол.

Еске салайық, 14 қарашаға қараған түні Париждің бірнеше ауданында лаңкестер теракт ұйымдастырды. Олар мейрамханалардың бірінде атыс ұйымдастырды, Франция мен Германия құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңында үш жарылыс болды. Мұнымен бірге, "Батаклан" театрында өтіп жақан рок-концертте содырлар адамдарды кепілге алды. Шабуылдардың салдарынан 129 адам қаза тауып, 352 адам жарақат алды. Терактілерге ДАИШ жауапкершілік алды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Қазақстандағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Терактілердің себебі жайлы өз пікірін қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин де берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети