30 тамыз 2016 16:57

Ноғаев мұғалімдердің беделінің түсіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұғалімдердің беделінің түсіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Бұл мәселені ол кеше, 29 тамызда Атырау қаласында "Білімді ел - мәңгілік ел" атты Атырау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұғалімдердің беделінің түсіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Бұл мәселені ол кеше, 29 тамызда Атырау қаласында "Білімді ел - мәңгілік ел" атты Атырау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кеңеске Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ахмед-Заки Дархан, облыстық білім беру басқармасының басшысы Сайлауова Нұрсәуле және облыс ұстаздары қатысты.

Шара барысында жиналғандар балаларды мектепке дайындау негіздерін, "Сауат ашу" пәнін оқыту мәселелерін, педагог кадрларды даярлап шығарудағы мектеп пен университеттің байланысы талқыланды.

Жиында сөз алған Атырау облысының әкімі мемлекет тарапынан ұстаздар мен шәкірттерге жасалған қамқорлықты тілге тиек ете отырып, қордаланған мәселелерді ашық талқылауға шақырды. Айта кетелік, биыл аймақ басшысының тапсырмасымен облыстағы бастауыш сынып оқушылары түгел тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болды. Бұл - 48 145 оқушы. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген.

"Тек бұл емес. Облыстағы мектептердің бәріне жаңа парталар және 3000 компьютер сатып алынды. Игі шара оқушының алаңсыз білім алып, зерделі азамат болып шығуына септігін тигізбек", - деді Нұрлан Ноғаев.


© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі сонымен қатар мұғалімдердің беделі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, ұстаздардың беделінің төмендеп кетуі қоғамды алаңдатуы керек.

"Мұғалімді сыйлау керек екенін балаларымызға айтып отырамыз. Бірақ кей-кездері ісімізбен ұстаздардың дәрежесін құрметтемейтінімізді көрсетіп алып жатамыз. Мұғалімді сыйлаудың үлгісін ата-аналар бірінші болып өздері білдіруі керек. "Балаңды аяғаның - аямағаның" дейді даналар. Ұстаздың қамқорлығын сезініп, қажет кезде ескертуі мен сынын тыңдап өскен бала есті болады", - деді аймақ басшысы.


© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұрлан Ноғаев сонымен қатар, балаларды тек академиялық білімге емес, рухани байлық жинауға баулу керек екенін айтты. Ол бұл жолда мұғалімдермен бірге ата-аналардың да еңбегі қажет екенін ескертті.

Кеңес соңында еңбегі сіңген ұстаздарға "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" және Білім және ғылым министрлігінің "Ы.Алтынсарин" төсбелгілері, алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары дәреже көрсеткен білім ордаларының басшыларына бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Айта кетелік, қазір Атырау облысында 162 балабақша, 192 мектеп, 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында "Балапан" бағдарламасы аясында облыста 5 балабақша ашылса, 9 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Биыл мектепдің бәріне жөндеу жасалды. Білім беру саласында облыста 11639 педаогог жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети