12 наурыз 2014 14:13

"Нұр Отан" Еуропаның билеуші партиясымен байланысты нығайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі ©"Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі

"Нұр Отан" партиясы центристік идеологиядағы еуропалық партиялармен ынтымақтастықты жақсартады. Еуропа халықтық партиясының (ЕХП) шақыруы бойынша "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастаған делегация Дублинде өткен XXIІ Конгресске тұңғыш рет қатысты деп хабарлайды Tengrinews.kz "Нұр Отанның" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Конгресте Еуропалық комиссия президенттігіне Еуропа халықтық партиясы атынан жалғыз үміткер сайланды. Конгресс жұмысы шеңберінде Бауыржан Байбек ЕХП Вице-президенттері Марио Дэвидпен және Германия Бундестагының вице-президенті Питер Хинтцемен кездесті. Сондай-ақ, еуропалық зерттеулер бойынша Орталық кеңестің төрағасы Вернар Фасслабендпен, Германияның Христиан-демократиялық одағының (ХДО) билеуші партиясы басшылығымен, ЕХП партия көшбасшыларымен келіссөздер жүргізді. "Кездесулер барысында центристік идеологиядағы еуропалық партиялармен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды", - делінген хабарламада. "Біздің партияларымызды центристік идеология мен "Нұр Отан" партиясының Доктринасында, сондай-ақ, Еуропа халықтық партиясының тұғырнамасында белгіленген ортақ консервативтік құндылықтар біріктіреді", – деп атап өтті Бауыржан Байбек. Екіжақты кездесулер барысында ол Қазақстан Республикасының интеграциялық процестерге қатысуының өмірлік маңызын атап өтті. "Мемлекет басшысы белгілеген ішкі саяси күн тәртібі Қазақстанның әріптестерімізбен екіжақты мүдделер тұрғысынан тең дәрежедегі әріптестікке ашық екендігін тұспалдайды. Біз үшін интеграциялық бірлестіктерге қатысу экономикалық құрылысы ұқсас үлкен нарыққа жол ашып, елімізге, оның ішінде, инновациялық өндірісті дамытуға ірі инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", - деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары. Айта кетейік, Еуропа халықтық партиясы – жалпыеуропалық консервативтік центристік саяси партия. Бүгінгі таңда ол Еуроодақтың билеуші саяси күші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети