22 шілде 2019 16:39

Нұр-Сұлтанда және төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қзаанғапов © Тұрар Қзаанғапов

Нұр-Нұлтан қаласында және Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн күркіреп, қатты желдің салдарынан дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Нұр-Нұлтан қаласында және Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн күркіреп, қатты желдің салдарынан дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

23 және 24 шілдеде Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-батыс және батыс жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 23 шілдеде түнде және таңертең тұман түседі.

23 және 24 шілдеде Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ солтүстік-батыс, батыс жел күндіз екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

23 шілдеде түнде Атырау облысында, атап айтқанда Атырау қаласында күн күркірейді.

23 шілдеде Қостанай облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Қостанайда 23 шілде күні күн күркіреп, солтүстік-батыс жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 15-20 метрге дейін жел соғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети