05 сәуір 2020 13:55

Нұр-Сұлтанда карантин енгізілгелі көлік ағыны 71 пайызға азайған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік қозғалысы 71 пайызға азайған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 


Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік қозғалысы 71 пайызға азайған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, ереже бұзу дерегі 60 пайызға төменген. Бүгінге дейін ережеге бағынбаған 589 адам полиция пункттеріне жеткізілген. Оның 283-іне айыппұл салынған. Ал 12 адам қамауға алынған.

Жалпы астанада жұмыссыз режим тағы бір аптаға ұзартылды. Бұл жаңалық қала тұрғындарына оңай тимеген. Себебі саудасы тоқтап қалған кәсіпкерлер енді тағы жеті күн кәсіптерін жүргізе алмайды. Дегенмен, қаладағы азық-түлік сататын кей дүкендер жұмыс істеп тұр. Мамандар тауар тапшылығы болмайды деп сендірді. Көптеген сауда нүктесі жабық болғанымен, қазір үйге жеткізу қызметі бір жолға қойылған.

Еске салайық, Қазақстанда алғаш коронавирусқа байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланған. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Мемлекеттік комиссия қос қалада қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети