ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2021 | 12:00
Нұр-Сұлтанға қытайлық Sinopharm вакцинасы жеткізілді
Қытайлық Sinopharm (Vero Cell) вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Ол қалалық емханалар мен оларға бекітілген сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне таратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайлық Sinopharm (Vero Cell) вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Ол қалалық емханалар мен оларға бекітілген сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне таратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина егу пунктеріне жеткізілгеннен кейін тұрғындарды вакциналауды бастаймыз. Вакцина медициналық ұйымдардың егу пунктеріне жеткізіледі. Олар сауда орталықтарындағы бекітілген егу пунктеріне 24 сағат ішінде жеткізеді", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әлия Рүстемова.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы екінші компонентті алу кезінде проблемалық жағдайларды болдырмау үшін, тұрғындар мүмкіндігінше бір жерде екпе жасау керегін, яғни бір вакцинация пунктінде екі компонентті алу керегін айтты.
"Біз тұрғындардан бір вакцинация пунктінде бірінші және екінші компоненттерді алуды сұраймыз. Мысалы, сіз бірінші дозада белгілі бір емханаға немесе сауда орталығына келген болсаңыз, онда екінші дозаны да сол жерден алуды ұсынамыз", - деді Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
Қазіргі уақытта елордада вакцинаның үш түрі бар - ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac вакцинасы және Sinopharm.
Бұған дейін Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов қытайлық Vero Cell (Sinopharm) препаратымен вакциналау тәртібі туралы қаулыға қол қойған болатын. Қаулыда вакцинаның формасы мен қарсы көрсеткіштері сипатталған.
10 тамызда Алматыға қытайлық Sinopharm вакцинасының миллион дозасы жеткізілді. Жалпы Қазақстан бұл вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алғаны белгілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также