19 желтоқсан 2014 | 22:53

Нұрәлі Әлиев пен Ермек Аманшаев Астана әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрәлі Әлиев. Фото about.kz сайтынан Нұрәлі Әлиев. Фото about.kz сайтынан

Ермек Аманшаев пен Нұрәлі Әлиев Астана қаласы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ермек Аманшаев пен Нұрәлі Әлиев Астана қаласы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кезге дейін Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті болған Ермек Әмірханұлы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филолог, қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған, филология ғылымдарының докторы. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінде жұмыс істеген, Мәдениет комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

Астана қаласы әкімінің екінші жаңа орынбасары болып Нұрәлі Әлиев тағайындалды. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық университетін экономика және қаржы мамандығы бойынша, Пеппердин университетін бизнес-әкімшілендіру мамандығы бойынша және осы мамандық бойынша Имадек университетінің магистратурасын тәмамдаған.

Әр жылдары "Нұрбанк" АҚ төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған. 2008 жылдың желтоқсанынан 2013 жыл аралығында "Қазақстанның Даму банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "Транстелеком" АҚ Басқарма төрағасы болды.

Елорда басшысының өкімімен Аида Балаева мен Қанат Сұлтанбеков Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети