25 ақпан 2014 15:48

Нұрлан Ноғаев тағылған айыптауларды жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.  ©Рафхат Халелов Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. ©Рафхат Халелов

23 ақпан күні "Хабар" телеарнасының «7 күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шолушысы Ғалым Байтоқтың тарапынан сынға ұшыраған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтылған айыптауларды теріске шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әкімнің баспасөз қызметі хабарлады. Яғни, бағдарламада айтылған "Н.Ноғаевтың көлігін жол полициясы қызметкерлері бастап жүреді", "тілшілер қауымы үшін жабық адам", "қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге қауқарсыз", "облыстағы газ бағасы қымбат", "ет экспорты нашар" дегендей өзге де айыптаулар мүлдем шындыққа жанаспайды" делінген баспасөз мәлімдемесінде. Мемлекеттік ауқымдағы тұлғалар мінген және балалар отырған көлік кортежін жол полициясы арнайы заңға сәйкес алып жүреді. Өткен жылы мұндай жағдай 3 рет орын алды. Нақты айтқанда 2013 жылдың наурызында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың, маусым айында Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың және қараша айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жайық өңіріне сапары барысында. Ал, Н.Ноғаев мұндай лауазымды тұлғалар қатарына кірмейді. Облыста қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Мемлекеттік бағдарламалар жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Әкімнің халықпен есептік кездесулері барысында барлық күрделі мәселелер бірлесіп талқыланып, пікір алмасады. Ет экспортына келсек, 2013 жылы Батыс Қазақстан облысы 300 тоннадай етті сыртқа шығарды, биыл оның көлемін 3 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Қалбырдағы ет өндіретін «Кублей» компаниясы әр ауысымда 10 тонна ет дайындайтын, тоңазытқышы бар жаңа цехтың құрылысын қолға алды. Ол іске қосылғасын жергілікті шикізатты пайдалану көзделуде. Газ бағасына тоқталсақ, Қазақстандағы газ жеткізуші жалғыз оператор - «ҚазТрансГаз» АҚ. Қарашығанақ кенішінен алынған газ Ресейде өңделетіндіктен тұтынушыға қымбат бағамен жетеді. Облыста соңғы кездері болған ірі сыбайлас жемқорлыққа қатысты істердің логикалық нүктесі қойылуына облыс әкімі өз құзыреті шеңберінде ықпал етеді және Жайық өңіріне бірде-бір рет ат ізін салмаған журналистің әлеуметтік желілердегі жел сөздерді теріп алып бұлайша байбалам салуы таңғалдырады» - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети