30 тамыз 2015 18:18

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайға барды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайға барды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы Қытай Халық Республикасында 3 қыркүйекке дейін болады. Ол саяси және іскер топ өкілдерімен кездеседі, Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты шеруге қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапармен бара жатқанын, яғни мұның ең жоғары деңгейдегі сапар екенін баса айтқан еді.

"Менің білуімше, Қытайға Жеңіс Күніне орай бара жатқан басшылардың ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ғана мемлекеттік сапармен келу мәртебесі бұйырды", - деді Ақорда өкілі. Ол Елбасының Қытайға сапары барысында басқа елдің басшыларымен де екіжақты кездесулер өткізетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол сапар барысында индустрия, инвестиция, энергетика мен логистика саласында бірнеше келісімшартқа қол қойылатынын айтты.

"Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, дағдарыс - бұл жаңа мүмкіндік, сондықтан да біз Қытайға жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін бара жатырмыз", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети