17 сәуір 2015 15:04

Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған "Әзірет Сұлтан" мұражайына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Түркия президенттері "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени мұражайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан мен Түркия президенттері "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени мұражайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көрді, сондай-ақ Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

Айта кетейік, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі ортағасырлық бірегей сәулеткерлік ескерткіш болып саналады. Кешеннің 465 гектар аумағында 6 музей бар, соның біреуі ашық аспан астында орналасқан. Музей қорында 13 800 жәдігерлік, ал ғылыми кітапханада 5 мыңнан аса кітап жинақталған.

Еске сала кетейік, Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоған кеше, 16 сәуірде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Екі елдің басшысы кездесіп, қазақ-түрік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту, өзара іс-қимылдарды байланыстардың кең ауқымында дамыту мәселелерін талқылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети