22 қазан 2014 15:13

Нұрсұлтан Назарбаев Серік Ахметовтің отставкасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов. ©ortcom.kz Серік Ахметов. ©ortcom.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Серік Ахметовтің отставкасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бүгін Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті.


Нұрсұлтан Назарбаев Серік Ахметовтің отставкасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бүгін Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті.

"Мемлекет басшысы кездесу барысында берген өтінішіне орай қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ведомствоның басшылық құрамына жаңа министр – Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын саналатынын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан армиясының қару-жарағын одан әрі жетілдірудің және оны заманауи әскери техникалармен жабдықтаудың қажеттілігіне назар аударды.

Еске салайық, бүгін 56 жастағы Серік Ахметов Қорғаныс министрі қызметінен кетті. Ол өз еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатынан бастады. 1980-1990 жылдары партия және комсомол органдарында жұмыс істеді, Қарағанды комсомолы облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 90-жылдардың ортасында кәсіпкерлікпен айналысты.

2001 жылы Теміртау қаласының әкімі, одан кейін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі, "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының басқарма төрағасы, ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылдың қарашасынан бастап, Қарағанды облысының әкімі болды, үш жылдан соң Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ахметов 2012 жылы министрлер кабинетін басқарды. 2014 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалып, бұл лауазымда жарты жыл жұмыс істеді.

Айта кетейік, бүгін - 22 қазан күні Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі болған Иманғали Тасмағамбетовті Қорғаныс министрі етіп тағайындады. Ал Астана қаласына бұған дейін Мемлекеттік хатшы қызметін атқарған Әділбек Жақсыбеков әкім болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети