02 желтоқсан 2014 13:00

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гурбангулы Бердымұхамедов пен Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz Гурбангулы Бердымұхамедов пен Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанға келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанға келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар барысында Түрікменстанның жоғары басшылығымен келіссөздер жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен және Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханимен бірге Өзен-Берекет-Гөрган халықаралық теміржол магистралінің ашылу салтанатына қатысады.

Бұған дейін 2014 жылдың соңына дейін Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол дәлізінің толық ашылатыны хабарланған болатын. Болжамдар бойынша, 2020 жылға қарай жаңа бағытта жүк тасымалдау мөлшері 15 миллион тоннаға жетеді, оның ішінде 3 миллион тоннасы - транзиттік жүк. Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Гөрган (Иран) теміржол желісінің жалпы ұзындығы - 934,5 шақырым. Жолдың ең ұзаққа созылатын бөлігі - 722,5 шақырым - Түрікменстан арқылы өтеді. Қазақстан аумағына 130 шақырымы кіреді, ал Иран аумағында - 82 шақырым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети