11 желтоқсан 2014 13:34

Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ бас хатшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©akorda.kz ©akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Бордюжа Қазақстан Президентіне Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 23 желтоқсанда Мәскеуде өтетін кезекті сессиясына дайындық барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде Ұйымға мүше барлық мемлекеттер бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер мен қауіптер және ахуалдың өрістеуіне ықпалын тигізер теріс үрдістерді азайту үшін қабылдануы қажет шаралар талқыланды.

Мемлекет басшысы өңірдегі жағдайдың қарқынды өзгеруіне байланысты ҰҚШҰ алдына қойылуы мүмкін міндеттерге назар аударды.

"Ауғанстаннан коалиция күштерінің шығарылуы күтілуде, "Ислам мемлекетімен" байланысты жаңа қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда Ұйым ахуалды игеретін, болжайтын, қажетті ұжымдық шараларды қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірлейтін талдамалық орталыққа айналуы тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бордюжа ҰҚШҰ қызметінің биылғы қорытындылары туралы әңгімелеп, әскери ынтымақтастық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети