17 қараша 2021 16:51

Нұрсұлтан Назарбаев "Үлкен Еуразия" форумын құруды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және жақында ғана құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы тікелей байланыстарды дамытуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және жақында ғана құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы тікелей байланыстарды дамытуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев Астана клубының отырысында жаңа дағдарыстардың алдын алу үшін Еуразия елдері арасында жүйелі диалог орнатудың маңыздылығын айтты. Мұның басты арнасы, Елбасының айтуынша, ұзақ уақыт бойы, соның ішінде үшінші елдермен жұмыс істеп келе жатқан өңірлік халықаралық бірлестіктер болуы мүмкін.

"Менің ойымша, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және жақында құрылған Түркі мемлекеттері Ұйымы арасындағы тікелей байланыстарды дамытатын кез келді. Осыған байланысты елдеріміз Еуразиядағы кооперацияның барлық мүмкіндігін талқылап, ілгерілете алатын "Үлкен Еуразия" төртжақты экономикалық форумын құруды ұсынамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Үлкен Еуразияда, әсіресе оның азиялық бөлігінде диалог пен сенім институттарын нығайту қажеттігін айтты. Осы тұрғыда Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Азиядағы қауіпсіздік архитектурасының орталық элементіне айналдыруды ұсынды.

"Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес ашық және инклюзив құрылым ретінде Азияда тегіс қамти алатын диалог орнатудың оңтайлы платформасы бола алады деп санаймын. Келесі жылы - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылуының 30 жылдығында - оның мерейтойлық саммитін өткізу жоспарланып отыр. Жоғары деңгейдегі осы іс-шараға жақсы мазмұнды дайындық есебінен Еуразия азиялық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және нығайту процесінде серпіліс алу мүмкіндігіне ие болуын жақтаймын", - деді Назарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети