27 қаңтар 2014 11:36

Нығматулин мұрагерлік жөнінде талқылау орынсыз деп есептейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен Фото ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Central Asia Monitor газетінің журналисіне ашық хат жазып, мемлекет басшылығына үміткер болуы мүмкін адамдар жайлы талқылау мәселесіне өзінің көзқарасын білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Менің сізге ашық хат жазуыма Central Asia Monitor газетінде (№ 3, 24-қаңтар, 2014 ж.) шыққан «Работяга Нурлан Нигматулин» атты мақала себеп болып отыр. Сіздің «мұрагерлікке үміткерлер» тақырыбына арналған мақалаларыңыздың бірінде басты «кейіпкерге» айналғанымды таңданыспен қабылдадым", - дейді Нұрлан Нығматулин. Төменде Мәжіліс төрағасының ашық хатын түгел беріп отырмыз: "Мұндай ой қорытуды жауапсыз қалдыруға болмайды деп шештім. Ең алдымен, бүкіл халық сайлаған Президент бар кезде осындай айдарды («үміткерлердің алтын ондығын») ойлап табу, жоқ дегенде әдепсіздікпен, тіпті арандатушылықпен тең. Оның үстіне осы мәселе бойынша өзіңіздің мақалаңызда айтылған адамдардың жеке пікірін білуге ұмтылмағаныңыз орынсыз деп санаймын. Біздің жас мемлекетімізді қиын-қыстау кезеңдерден қазіргі таңқалдырарлық табыстарға жеткізген, Қазақстанның халықаралық аренадағы көшбасшылық деңгейін қамтамасыз еткен, одан бөлек, еліміздің болашақ дамуының стратегиялық мақсаттарын айқындап берген Елбасыға қатысты мұндай талқылаулар жөн-жосықсыз, әрі қисынсыз. Бұл жерде менің көздегенім сіздердің, басқа да ақпарат құралдарының редакциялық саясатына араласу емес. Алайда дәл қазір баршамыздың, соның ішінде, БАҚ-тың ең негізгі міндетіміз - Елбасының ауқымды және шын мәнінде өмірлік маңызды мақсаттарын қолдай отырып, жүзеге асыруға үлес қосу. Бүгінгі күні біздің алдымызда Қазақстанды одан әрі өркендету жөніндегі тарихи міндеттер тұрған кезде ықтимал мұрагерлер туралы «саяси сөзжұмбақтар» шешумен айналысқаннан гөрі, бүкіл халық мойындаған Ұлт Көшбасшысының және оның стратегиялық бағытының айналасында бірігу бәрінен де маңызды. Бұл менің ойымша барлығына да - саясаткерлерге де, сарапшыларға да, журналистерге де тікелей қатысты. Сондықтан, ойдан шығарылған тақырыптарды тауып, «айға қарап бал ашқанша», Президентіміз Стратегиясының басым бағыттарын қалай тиімді жүзеге асыруға болатыны: мәселен, инновациялық индустрияландыруды қалай орындау керектігі, ғылыми қамтымды экономиканы қалай құратынымыз, әлеуметтік жаңғыртуды одан әрі қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде кеңінен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырған әлдеқайда нәтижелі болар еді. Ал тікелей өзіме қатысты айтатын болсам, мен бұл мәселе бойынша өз ұстанымымды бірнеше рет көпшілік алдында айтқанмын. Мен еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанды бүгінгі жетістіктерге жеткізуші ғана емес, сонымен бірге, алдағы уақытта да жаңа жеңістерге жетелеуші бірегей саяси қайраткер екеніне кәміл сенемін. Өзге балама жоқ. Бізде бүкіл халық сайлаған бір ғана Президент, жалпы халық мойындаған бір ғана Елбасы бар. Бұл жай айтылған сөз емес, бұл менің түбегейлі қағидам. Бұл менің саяси және өмірлік ұстанымым. Әрине, сіздердің журналистік әдеттеріңіз де бар екенін түсінемін, бәлкім, менің бұл ашық хатымды да өздеріңізге ыңғайлы етіп «өрнектеуге» тырысатын боларсыздар. Әлбетте, ол сіздердің ар-ұяттарыңыздың еншісінде. Тек қана бұл ашық хат жалпы алғанда, аталған тақырып бойынша, дәлірек айтқанда, сіздің мақалаңызға байланысты менің жеке көзқарасым екенін білдіргім келеді".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети