21 ақпан 2017 13:18

Олардың әрқайсысы жауынгерлік борышын орындады - Назарбаев Жамбыл облысында қаза тапқандар жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елінің нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соңына дейін атқарды. Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардың отбасыларының бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия болған оқиғаның себептерін анықтауда. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайталанбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын."Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети