31 шілде 2015 18:49

Олимпиада-2022: Алматыны таныстыру ролигіне түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Смирнов. ©Vesti.kz Владимир Смирнов. ©Vesti.kz

Қысқы ойындардан Олимпиада чемпионы, Алматы-2022 Өтінім делегациясының мүшесі Владимир Смирнов Vesti.kz тілшісіне бүгін Куала-Лумпурде Алматының ұсынған презентациялық ролигіне қатысты пікір білдірді.


Қысқы ойындардан Олимпиада чемпионы, Алматы-2022 Өтінім делегациясының мүшесі Владимир Смирнов Vesti.kz тілшісіне бүгін Куала-Лумпурде Алматының ұсынған презентациялық ролигіне қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, бүгін Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында Бейжің Олимпиада-2022 ойындарын өткізетін қала ретінде таңдалды. Видео кадрларында сыра, суши және автожуу көрсетілгендіктен қазақстандықтар оған әлеуметтік желілерде сын айтып үлгерді.

"Оны зерттеу қажет. Оны ең жақсысы немесе үздігі болды деуге болмайды. Салысатын мықты бәсекелесіміз болды. Бұл нашар болды, ал мынау жақсы деп айта алмаймын. Жалпы алғанда біздің презентациямыз жақсы болды деп есептеймін. Бұл тартыста бәсеке туғыздық. Дауыс берудегі дауыстар саны мұны растап отыр. Меніңше, Қытай өзінің ықпалды қаржы-экономикалық жүйесі арқылы жеңді", - деді Владимир Смирнов.

Сонымен қатар, роликке қатысты пікірін Алматы-2022 Өтінім комитетінің төрағасының орынбасары Андрей Крюков те білдірді. Ол Қазақстанның үміткер қала ретінде тұңғыш рет өтінім білдіргенін еске салды. "Өкінеміз бе, жоқ па - бұл туралы тіпті қатыспаған болсақ айтуға болар еді. Мұндай қала ойындарды қабылдай алады және қабылдауы тиіс. Бірақ бұл мәселені пікірімізбен шеше алмаймыз, ХОК-тың сеніміне кіруіміз керек. Бүгін ақтық таныстырылыммен аяқталған барлық жұмысымыз жетістікті көрсетеді - БАҚ пен әлемнің қабылдауы. Бұл маңызды оқиға және әлем тек екі ел жайлы айтып жатыр", - деді Крюков. Оның пікірінше, Алматының Олимпиадаға таласуының өзі зор жетістік. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Олимпиада-2022 Бейжіңде өтетін болды. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети