02 тамыз 2020 14:58

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап.


Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап.

"Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...

Марқұмның барлық туған-туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan_wrestling (@kazakhstan__wrestling)

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 1951 жылы 6 мамырда Дихан ауылы Свердловск ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы "Жақсылық" көркем фильмі түсірілген. Үшкемпіровтің жас және жасөспірім кезін Елнар Назарқұл мен Санұржан Сүлейменов ойнайды, ал 60 жастағы спортшының рөліне Досжан Жанботаев таңдалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети