21 шілде 2015 20:53

Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 467 жүкті қыз есепте тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©medclub.ru ©medclub.ru

Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 467 жүкті қыз тіркеуде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 467 жүкті қыз тіркеуде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жүкті әйелдердің және фертильді жастағы әйелдердің порталындағы электронды базасындағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2015 жылдың 20 шілдесіне дейінгі статистикалық мәліметтерге сәйкес, жүктілік есебінде кәмелетке толмаған 467 жүкті қыз тұр. Олардың ішінде 14 жастағылар - үшеу, 15 жастағылар - 25, 16 жастағылар 118, 17 жастағылар - 321", - деп хабарлады басқарма баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, басқарма өкілдерінің айтуынша, жүктілік бойынша есепке 14 жастан бастап тұрғызылады. "Облыстың медициналық ұйымдары жасөспірімдер арасындағы жүктілік жағдайлары жайлы аудандық білім беру бөлімдеріне, прокуратураға және ішкі істер департаментіне хабарлайды", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Еске салайық, кеше, 20 шілдеде ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғанын хабарлаған болатын. "Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды", - деген еді Тұтқышев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети