10 мамыр 2022 12:24

Оралда ер адам полиция пунктін кірпішпен ұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Оралда ер адам полиция пунктіне шабуыл жасады. Бұл үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 


Оралда ер адам полиция пунктіне шабуыл жасады. Бұл үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға видеосын Tik Tok қолданушысы жариялады. Кадрларда ер адам орталық базар аумағында орналасқан стационарлық полиция бекетінің әйнегін кірпішпен я таспен ұрады. Кейінірек оны басқа бір адам сабырға шақырып, алып кетеді.

Полиция өкілдері видеоға қатысты түсінік берді.

"9 мамырда сағат шамамен 9.30-да 1978 жылғы ер адам Нұрпейісова көшесінде мас күйде полицияның стационарлық пунктіне кірпішке ұқсас затпен зақым келтіріп, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетті, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды.

Құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полиция ер адам неге мұндай әрекетке барғанын түсіндірмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.9   490.7   4.95 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети