12 ақпан 2014 10:53

Оралдық кәсіпкерді өлтірген үшінші адам Алматыда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Тоғаев. ТДК-42 арнасының кадры Азамат Тоғаев. ТДК-42 арнасының кадры

Оралдық кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірді деген күдік келтірілген үшінші адам 11 ақпан күні Алматыда ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Уральская неделя" порталына сілтеме жасап. Полиция Азамат Тоғаевты қылмысты ұйымдастырушы әрі кісіні айуандықпен өлтіргендердің бірі деп есептейді. 34 жастағы Азамат Тоғаев Ресейдің Орынбор облысында туған. Бұрын үш рет сотталған, қарақшылық шабуыл жасап, кісі өлтірген. Күдікті есімі жарияланып, фотосуреті республикалық телеарналардан көрсетілгеннен бір күннен соң ұсталып отыр. "Батыс Қазақстан облысының полициясы бұқаралық ақпарат құралдары мен қылмыскерді ұстауға көмектескен барлық азаматқа алғыс білдіреді. Қылмыскерді ұстауға көмектескені үшін ірі көлемдегі ақшалай сыйақы аноним және құпия жағдайда беріледі", - делінген хабарламада. Бұған дейін құқық қорғау органдары Азамат Тоғаевтың екі сыбайласын қолға түсірген еді. Еске салайық, бұл қанды оқиға 13 қаңтарға қараған түні болды. Шаруа қожалығы басшысының үйіне баса-көктеп кірген қарақшылар қожайынды атып өлтіріп, оның әйелі - облыстық мәслихат депутаты - Валентина Каркуланың басын жарған. 7 ақпан күні депутат ауруханадан емделіп шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети