16 қаңтар 2015 10:16

Оралмандар орыс тілін өз қалауымен меңгеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©fergananews.com ©fergananews.com

Қазақстанда оралмандардың қалауы бойынша оларға орыс тілін оқытатын орталықтар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда оралмандардың қалауы бойынша оларға орыс тілін оқытатын орталықтар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралман мәртебесін алғандар "Халық көші-қоны туралы" ҚР Заңында қарастырылған барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады. Оларға бейімдеу және интеграциялық қызметтер көрсететін Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында орталықтар бар. Бұл орталықтар оралмандарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, мемлекеттік тілді және қалаулары бойынша орыс тілін оқытады.

Айта кетейік, тәуелсіздік алған 24 жылдың ішінде Қазақстанға 259 159 отбасы немесе 952 882 адам тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл Қазақстан халқының жалпы санының 5,5 пайызына тең. Қазақстанға келген оралмандардың 61,5 пайызы - Өзбекстаннан, 14,3 пайызы - Қытайдан, 9,3 пайызы - Моңғолиядан, 6,8 пайызы - Түрікменстаннан, 4,6 пайызы - Ресейден және 3,5 пайызы өзге елдерден келген.

Олардың 21,2 пайызы - Оңтүстік Қазақстан облысында, 16,3 пайызы - Алматы облысында, 13 пайызы - Маңғыстау облысында, 9,4 пайызы - Жамбыл облысында және 40,1 пайызы еліміздің өзге өңірлерінде тұрады.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, оралмандардың 55,6 пайызы - еңбекке қабілетті жастағылар, 39,9 пайызы - 18 жасқа дейінгілер және 4,5 пайызы - зейнеткерлер. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың ішінде 8,7 пайызының жоғары білімі бар, ал 20,5 пайызы орта арнаулы білім алған, сонымен қатар 61 пайызында жалпы орта білім болса, 9,8 пайызының білімі жоқ.

Еске сала кетейік, 2014 жылы тоғыз айдың ішінде Қазақстанға 3347 оралман отбасы келгені және бұл отбасылардың құрамында барлығы 6761 адам бар екені бұған дейін хабарланған болатын. Гендерлік құрам бойынша, тарихи отанына оралған азаматтардың 3438-і ер адам ал әйелдердің саны - 3323. Олардың 1598-і балалар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети