13 сәуір 2017 17:01

Ортақ асхана мен әжетхана. Астанадағы жатақханалардың жай-күйі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Ақ жол" фракциясының басшысы Азат Перуашевтің қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін тезірек шешу үшін және баспана арзан болуы үшін бір бөлмелі, әжетханасы мен асханасы ортақ баспаналарды салу керектігі жайлы айтқан сөзі әлеуметтік желіде шу шығарды. Адамдар әсіресе депутаттың асханасыз және әжетханасыз пәтер салу туралы айтқанына наразылық танытты. Кейбір азаматтар Перуашевтің өзіне осындай жағдайда өмір сүріп көруді ұсынды. Ал кейінірек депутат осы ұсынысы арқылы не айтқысы келетінін түсіндіріп берген еді. Оның айтуынша, депутаттық сауал ауыл жастары үшін жатақхана құрылысы туралы болған. Бұл жарияланымда біз сіздерге астаналықтардың тұрып жатқан жатақханаларын көріп шығуды ұсынамыз.

Бұл жатақхана Астана әуежайының маңында Пригородный ауылында орналасқан. Мұнда кезінде өмірі авиациямен байланысты адамдар өмір сүрген еді. Олардың кейбіреуін осы аумақтарда кездестіріп қалуға болады.

 Жергілікті тұрғындардың өмірі тек пәтермен аяқталмай, бәріне ортақ дәлізде жалғасады.

Мұнда тамақ дайындайды, жуынады, кір жуады.

Әжетхана мұнда бәріне ортақ.

Жергілікті тұрғындар жатақханадағы өмірлеріне шағымданбайды. Олардың айтуынша, адамдар достық қарым-қатынаста өмір сүруге тырысады. Бірақ олар қазір бұрынғыдай бір-бірін танымайды екен. Келіп, бөлме жалдап жататындар көп екен.

 Астананың басқа аумағындағы жатақханамен салыстырғанда бұл жерді көбісі Чугунка деп атап кеткен. Пригородный ауылындағы үйдің жағдайы жаман емес.

Көктем келе салысымен Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан кейбір үйлердің шатырынан су ағып жатыр.

 Жергілікті тұрғындар әрең дегенде суды шығарып жатыр.

Мұнда әжетхана бәріне ортақ.

Жақсы жағдайда жуынғысы келетіндерге үйдің жертөлесінде ақылы жуыну бөлмесі бар.

Жергілікті жатақханадағы бөлме мынадай.

Мұндағы жағдайға қарамастан осы жерде пәтер жалдап тұрғысы келетіндер аз емес.

Бірақ елордада тазалық пен тәртіпті сақтайтын жатақханалар да бар. Мысалы, Орман зауытындағы жатақхана.

Қазіргі уақытта Астанада заманауи жатақханалар да көп. Олар бөлек қонақтарға арналған бөлмелері мен өзінің әжетханасы бар жекеменшік үйлерге ұқсайды.

Бұл жатақхана Сұлутал көшесінде орналасқан. Бұл жерді "жаңа Сейфуллин" деп те атайды екен.

Жатақхананы премиум класты деп айтуға болады. Сондай-ақ, елордада жатақхананың басқа да қарапайым түрлері бар.

Оңтүстік-шығыстағы жатақхана. Астана.

Жатақханалардың басқа да қолжетімді нұсқалары бар. Астанадағы "Артем" сауда орталығының аумағы.

Суреттің барлығы Тұрар Қазанғапов түсірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети