14 мамыр 2014 16:11

Орынбор көшесін Алтын ғасыр деп ауыстыру керек - Оңалсын Жұмабеков

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңалсын Жұмабеков фото @astanatv.kz Оңалсын Жұмабеков фото @astanatv.kz

Мәжіліс депутаты Оңалсын Жұмабеков Орынбор көшесінің атауын өзгертіп, оған Алтын ғасыр деген атау беруді сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Оңалсын Жұмабеков Орынбор көшесінің атауын өзгертіп, оған Алтын ғасыр деген атау беруді сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдаған Оңалсын Жұмабеков осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, өзге мемлекеттің еншісіндегі қала атауын Астанадағы басты көшеге беру дұрыс емес.

"Есілдің сол жағалауынан Астананың жаңа бөлігі бой көтергенде бірнеше көшеге Қазақстанның бірнеше бас қаласының атауы берілді. Олар Сарайшық, Түркістан, Ақмешіт, Орынбор көшелері. Тарихтан қарағанда бұл өте орынды шешім. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Орынбор қаласы басқа мемлекеттің облыс орталығы болып саналады. Елордада екі бас көше қалыптасты. Олар Тәуелсіздік даңғылы және Орынбор көшесі. Соңғысында көптеген маңызды бас нысандар орналасқан. Көше тікелей Астана әуежайына шығады. Көптеген шетелдік делегациялар да осы көшемен жүреді", - деді О.Жұмабеков.

Халық қалаулысы көшенің атауын өзгертіп, Орынбор атауы да далада қалмайтынын атап өтті.

"Бұл көшеде мемлекет басшысының бастамасымен көтерілген Салтанат қақпасы орналасқан. Салтанат қақпасының мәңгілік ел аталуында өзіндік символикалық мән бар. Ол халқымыздың мәңгілік болашағын, мұраттарын, елордасын, тәуелсізідігін дәріптейді. Бұл көшенің өзі еліміздің басты символдарының бірі болып тұр. Сондықтан Елордадағы басты көшенің бірі басқа мемлекеттегі қаланың атымен аталғанын дұрыс деп санаймын. Осы орайда Астанадағы Орынбор көшесін "Алтын ғасыр" даңғылы деп атауды ұсынамын. Орынбор қаласын ескерусіз қалдырмау үшін жылдан жылға кеңейіп келе жатқан қаланың жаңа көшелерінің бірін атауға болады деп ойлаймын", - деді Оңалсын Жұмабеков депутаттық сауалында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети