24 шілде 2014 21:46

Өскеменде жолақы 75 теңгеге дейін қымбаттайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©altaynews.kz ©altaynews.kz

Өскемен қалалық малихаты қоғамдық көліктермен жүру ақысын көтеруді мақұлдады, деп хабарлайды Altaynews.kz Маслихат шешімімен жолақы 75 теңгеге дейін көтерілмек.


Өскемен қалалық малихаты қоғамдық көліктермен жүру ақысын көтеруді мақұлдады, деп хабарлайды Altaynews.kz Маслихат шешімімен жолақы 75 теңгеге дейін көтерілмек.

Әкімдік, маслихат пен жолаушылар тасымалдаушы мекеме өкілдері тұрғындардың автобуста жүру ақысын осы межеге жеткізуге бірауыздан келіскен. Жол жүру құнын есептеу Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі бекіткен методика негізінде жүргізіліпті. Жолақысын көтеруге қатысты 18 депутаттың 16-ы бұл жолақы көлемін құптап, дауыс берген.

"Бастапқыда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындар жолақыны бірден 100 теңгеге дейін көтеруді көздеген. Алайда біз жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын мекеме өкілдерімен есептесе келе, бұрынғы 60-тан 75 теңге дейін ғана көтеруге болатынын айттық. Жаңа тариф заңды түрде бекітілген күннен бастап 70-тен асқан жолаушылар жолақының тек тең жарымын ғана төлейтін болса, ал 7-і мен 14 жас аралығындағы оқушылар  үшін жолақы құны 40 теңге шамасында болмақ. Ал зағиптар мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері жолда жүру қызметін мүлде тегін пайдаланатын болады", - деді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Арман Ысқақов.

Маслихат депутаты Станислав Каримовтың айтуынша, жаңа жол жүру ақысы толықтай бекітілгенше әлі біршама уақыт бар. Бұл тарифті алдымен қала әкімі мен әділет органдары мақұлдауы тиіс. Шешім содан кейін ғана ресми БАҚ-тарда жарияланатын болады. Жаңа тариф тамыз айының соңына дейін іске қосылмайды.

Бұған дейін қоғамдық көліктерде жүру ақысы Ақтөбеде көтерілген болатын. Ол қаладағы автобустарда жол жүру ақысы 45-тен 55 теңгеге жоғарыласа, ал микроавтобустар жүр құны 55-тен 60 теңгеге қымбаттаған. Атап өтілгеніндей, жолақының көтерілу соңғы уақыттардағы жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты орын алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети