16 қаңтар 2020 10:22

Өскеменде полицейлерге пара берген үш адам жазаға тартылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО полиция департаментінің өкілдері екі жүргізуші мен бір жаяу жүргіншінің әкімшілік жауапкершіліктен қашпақ болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды YK-news.kz.


ШҚО полиция департаментінің өкілдері екі жүргізуші мен бір жаяу жүргіншінің әкімшілік жауапкершіліктен қашпақ болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Бірінші жағдайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөліктің жүргізушісін Абай даңғылының бойында тоқтатқан. Көлік тізгінінде 70 жастағы ер адам болған. 

Полицейлер жүргізушінің Абай даңғылы мен Интернациональный көшелерінің қиылысында артқа қарай қозғалғанын тіркеген. 

"Әкімшілік хаттама толтыру кезінде жүргізуші полицейлерге 5 мың теңге ұсынған. Біздің мамандар ер адамға осы әрекеті үшін жауапкершілікке тартылатынын ескерткеніне қарамастан, ер адам осы ақшаны қызметтік көліктің салонында қалдырып кеткен", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, Lada Granta жүргізушісі "көлік қоюға болмайды" деген белгі тұрған жерге темір тұлпарын қалдырып кеткен. 

Ол құқық қорғау қызметкерлеріне бес мың теңге көлемінде ұсынған. 

Ал жаяу жүргінші өзінің әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы үшін екі мың теңге жеткілікті болар деп ойлаған. 51 жастағы ер адам Виноградов көшесінің бойында рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен. 

"Барлық жағдайда қатысты ШҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің "Пара беру" бабы бойынша жүргізіп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети