05 маусым 2017 11:58

Өскеменнің жаңа әкімі алғашқы жұмыс күндері-ақ бірнеше келі салмақ тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала әкімінің баспасөз қызметі Қала әкімінің баспасөз қызметі

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаев әлеуметтік желіде жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін алғашқы күндері-ақ бірнеше келі салмақ тастағанын жазды. Әкімнің сөзінше, бұл жұмыстың ауыртпалығынан болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаев әлеуметтік желіде жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін алғашқы күндері-ақ бірнеше келі салмақ тастағанын жазды. Әкімнің сөзінше, бұл жұмыстың ауыртпалығынан болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыс орталығының жаңа басшысы Қуат Тумабаев - әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы. Жуырда ол қызықты пост жариялапты: "Өскеменге әкім болған 3 күнде 3 келі салмақ тастадым.  P.S. 100 күнде не болар екен?

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл хабарламаның себебін түсіндірді.

"Осы мәселе қызықтырып жатқаны біртүрлі екен. Жұмыс өте ауыр. Тағайындалған күні қалалық қоқыс өртенді. Адамдар түтіннің ысына шағымданды. Сол жерге баруым керек болды. Қоқыс шығаратын компанияның техникасы жетіспей жатқаны анықталды. Тезірек өшіру үшін техника жөнелттік", - дейді әкім. 

Сонымен бірге, Тумабаев қалалық әкімдіктегі жұмыс облыстық әкімдік жұмысынан өзгеше екенін айтты. 

"Облыста экономика мен қаржыға ғана жетекшілік еттім, ал қалада бәріне қарау керек. Қаладағы барлық оқиға үшін жауапты боламын. Маған тәуелді емес жағдайлар үшін де. Сондықтан шыр көбелек айналып жүрмін", - деп түсіндірді ол арықтау себебін. 

Өткен демалыста Тумабаев Мемлекеттік рәміздер күніне арналған веложарсқа қатысқан. 

Еске салайық, Қуат Тумабаев Өскемен қаласының әкімі болып өткен аптада тағайындалды. Ол облыс орталығы тарихындағы ең жас әкім болып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети