21 желтоқсан 2021 10:20

Осыдан 30 жыл бұрын Алматыда ТМД-ның мақсаттары мен қағидаттарын бекітетін декларацияға қол қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында 30 жыл бұрын Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) қағидаттары туралы декларацияға қол қойылғанын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында 30 жыл бұрын Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) қағидаттары туралы декларацияға қол қойылғанын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"21.12.1991 жылы Алматыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады", - деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, 1991 жылы 13 желтоқсанда Түрікменстан астанасы Ашхабадта КСРО құрамына кірген бес Орталық Азия мемлекеті: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған мәлімдемеде елдер бұрынғы КСРО мемлекеттерінің тең қатысуы шартымен ТМД ұйымына кіруге келісім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети