21 қыркүйек 2021 18:49

Осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elbasy.kz © elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесуде тараптар пандемия жағдайындағы әлем экономикасының одан әрі даму перспективасына қатысты пікір алысты.

Елбасы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.

"Бүгінде пандемия салдарынан күрделі кезең қалыптасып отыр. Осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал. Қазірдің өзінде қарыз дағдарысы пайда болды, инфляция дағдарысы белең алып, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында тараптар өңірдегі экономикалық жағдайдың даму болжамдарын, сондай-ақ сын-қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети