14 шілде 2016 12:48

Өтемақыға жинаған ақшамды қосып, пәтер сатып алдым - Әділбек Мейрамов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Мейрамов Әділбек Мейрамов

Үйін мәжбүрлі түрде сүруге келіспей, оны жарып жіберетінін айтқан Әділдек Мейрамов пәтер сатып алғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үйін мәжбүрлі түрде сүруге келіспей, оны жарып жіберетінін айтқан Әділдек Мейрамов пәтер сатып алғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таяуда Иманов көшесіндегі үйді сүру жұмыстары басталған еді. Астана әкімдігіндегілердің айтуынша, ер адам үйді босату туралы арыз жазыпты.

"Олар маған ақша бөлді, оған өз қаражатымды қосып, пәтер сатып алдым", - деді телефон арқылы Әділбек Мейрамов. 

Бұдан басқа мән-жайды ол айта алмайды екен. "Мен әлі өз-өзіме келе алмай жүрмін, болған оқиғадан кейін бірдеңе айту қиын", - деді Мейрамов. 

Сүру жұмыстары жүріп жатқан жерде Әділбек Мейрамовтың екі туысы бар.

Олардың бірі Әділбектің немере қарындасы Ләззат Түкенова таяуда Әділбек Мейрамовтың отбасының Оңтүстік-Шығыс ауданында үш бөлмелі пәтер сатып алғанын хабарлады.  

Жұмыстар жүріп жатқан жердегі қалалық қызметтің қызметкерлері үйдің бір-екі күннің ішінде сүріліп болатынын айтты. Жұмыстар 13 шілдеде сағат кешкі 20.00-де басталған. 


© Шоқан Алхабаев

"Қосымша өтемақы (Әділбек Мейрамовқа - Авт.) берілген жоқ, ол әкімдікке ауызша шағым айтып, артынша үйді өз еркімен босатты. Әкімдік оған қосымша ештеңе бөлген жоқ", - деген еді осыған дейін Тұрғын үй басқармасының басшысының орынбасары Асхат Елеужанов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети