"Өтінемін, бас бостандығымнан айырмаңыздаршы". Ескендір Сүлейменовтің өлімі бойынша істегі сотталушының соңғы сөзі

viewings icon 1359 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сотталушы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты бойынша сот отырысында соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сотталушы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты бойынша сот отырысында соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұхитова соңғы сөзінде судьядан рақымшылық жасап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Ол Ескендір Сүлейменовтің ата-анасынан тағы да кешірім сұрады.

"Мен мұның қаншалықты ауыр екенін білемін, осылай болғанын қаламадым. Оны дер кезінде көріп үлгермедім, әйтпесе мұндай жағдай болмауы үшін барлығын жасар едім. Сіздерден тағы да кешірім сұраймын. Өтінемін, рақымшылдық жасаңыздаршы (...) Мен ол күнді ешқашан да ұмытпаймын. Қандай жағдай болса да, мен сіздерден кешірім сұраудан жалықпаймын. Өтінемін, рақымшылық жасаңыздаршы. Күнде Ескендірдің және сіздерің кешірім берулеріңізді дұға етемін, - деді сотта Мұхитова. 

"Осылай болғанын қаламадым. Осыдан екі ай бұрын Ескендір түсіме кірді. Жағадайда жүгіріп жүр екен. Үстінде ақ түсті киім болды, маған күліп қарады. Қасында бір қыз жүр. Құдайдың мені емес, оны алып кеткеніне кінәлі емеспін ғой. Өтінемін, кешіріңіздерші, мені бас бостандығымнан айырмаңыздаршы. Ата-анамды, бауырларымды аяңыздаршы", - деді Мұхитова сот залында.

Мұның алдында прокурор сотталушыны екі жылға соттап, жазасын минимал қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұраған болатын.

Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың "Самрұк-Қазына" АҚ-та жұмыс істейтіні болды.

"Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын", - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Олжас Сүлейменовтің қаза тапқан немересінің қалыңдығы: "Жазда үйленеміз деп едік"

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 1
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией
Д
Динара

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю