21 наурыз 2022 16:58

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандалық көліктер ұсталды

Өзбекстаннан Қазақстанға кіре берісте контрабандалық көліктер ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстаннан Қазақстанға кіре берісте контрабандалық көліктер ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 19 наурызда "Б. Қонысбаев" өткізу пунктінде (Түркістан облысы), Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру кезінде шекара наряды үш жүк көлігін ұстады. Олардың ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған.

Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны 70 млн теңгені құрайды", - делінген хабарламада. 

Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.

Реклама
Реклама

   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram