ҚР Парламенті Сенаты халықаралық көрмелер туралы конвенцияны ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.
ҚР Парламенті Сенаты халықаралық көрмелер туралы конвенцияны ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.
"Конвенцияны ратификациялау көрме-жәрмеңке қызметінің негізгі аспектілерін реттеуге, сондай-ақ Астана қаласында EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізуге жағдай жасауға қызмет етеді", - делінген Сенаттың экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Сонымен бірге, конвенция көрмені ұйымдастырушыны анықтау тәртібін және тіркелген көрмелерді ұйымдастырушылар мен қатысушы елдердің міндеттемелерін белгілейді. Бұған қоса, құжат көрмелердің жіктелуін, мерзімділігін, ұзақтығын, сондай-ақ кедендік ережелерді де анықтайды. Аталған ережелер EXPO көрмелерінде көрсету немесе қолдану үшін әкелінетін тауарларға жеңілдіктер қарастырады.