03 желтоқсан 2020 12:20

Парламент Қазақстанның еңбек заңнамасына түзетулерді қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстан Парламенті персонал ұсынуға қатысты қызмет көрсету бойынша кейбір заңнама актілерін екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Парламенті персонал ұсынуға қатысты қызмет көрсету бойынша кейбір заңнама актілерін екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баяндама оқыған сенатор Сергей Ершов құқықтық реттеудің жоғынан жалданып жасайтын жұмысшылардың құқығы өрескел бұзылған жағдайлар туралы айтты. 

Оның мәліметінше, штаттағы қызметкерлермен бірдей қызмет атқаратын жұмысшылар жұмыстың күрделігі, мөлшері мен сапасы, сонымен қатар білік деңгейі бірдей болса да аз жалақы алады.

"Олар салалық келісімдер шарттарымен қорғалмаған, еңбек жағдайындағы залал үшін үстемеақы алмайды, ұжымдық келісімшарт қатысушысы емес, сәйкесінше, ешқандай да әлеуметтік пакеті жоқ. Жарақат алған жағдайда, тіпті қаза болғанда қажетті түрде қорғалмайды, себебі қызмет саласындағы әлеуметтік сақтандыру жүйесінде сақтанбайды", - дейді сенатор.

Оның айтуынша, депутаттар әркімнің де қауіпсіздік пен гигиена талаптары сақталатын еңбек шарттарын алуға құқығы бар болғандықтан және қандай да бір дискриминациясыз сыйақы алуға құқығы бар болғандықтан осындай заң жобасын көтеріп отыр.

"Осы жоба аясындағы заңнамалық бастамалар жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу, оларды нормативтік реттеу, еңбек мобильдігін арттыру үшін қосымша пәрменді тетіктерді әзірлеу туралы көптеген мәселені шешеді. Заң жобасында Азаматтық, Еңбек және Кәсіпкерлік кодекстерге және "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген", - деп хабарлады сенатор.

Азаматтық кодекске өтелмелі қызмет көрсету шартының жаңа түрі - персоналды ұсыну бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт енгізіледі, оған сәйкес бір тарап (жіберуші) өз қызметкерін екінші тараптың (қабылдаушы) мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен жұмысты орындау үшін жібереді.

Еңбек кодексіне мына түзетулер енгізіліп отыр:

  • жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбекақы төлеу саласында кемсітуге тыйым салынады;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жіберуші тараптың қызметкерлері үшін жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары көзделеді;
  • еңбегі ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда жүзеге асырылатын жіберуші тараптың қызметкерлеріне жоғары лауазымдық айлықақылар немесе қосымша ақылар белгіленеді;
  • еңбегі ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда жүзеге асырылатын жіберуші тараптың қызметкерлеріне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы көзделеді.

Сонымен қатар, депутаттар өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері берілмеген жағдайда жіберуші тарапқа қабылдаушы тараппен персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасуға тыйым салуды ұсынды.

Заңда жұмыс берушінің жіберуші тараптың қызметкерлері алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде болған жағдайда оларды жұмыстан шеттету міндеті бекітілген. Сонымен қатар, жіберуші тарап қызметкерінің қабылдаушы тараптың актілеріне сәйкес профилактикалық медициналық тексеруден өту міндеті де бекітілген.

Еңбек кодексі "жіберуші тарап", "жіберуші тарап қызметкерлері", "қабылдаушы тарап", "қабылдаушы тарап актілері" және "персоналды беру" сияқты жаңа анықтамалармен толықтырылады.

Кәсіпкерлік кодекске жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып айқындалатын норма енгізіледі.

Сондай-ақ, жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны персоналды беру жөніндегі шарт аясында еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді ескере отырып, қазақстандық кадрлардың санымен пайыздық арақатынасқа сәйкес келуі тиіс болуын көзделеді.

Аутстаффинг - бұл қызметкерлерді компания штатына шығару. Аутстаффинг кезінде персонал нақты жұмыс беруші болып отырған фирмамен емес, делдал ұйыммен немесе аутстаффермен еңбек шарттарын жасасады.

Заң ел Президентіне қол қоюға жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети