01 тамыз 2014 16:24

Парламент Сенаты сайлауына бюджеттен 136 млн теңге бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Дмитриев ©Владимир Дмитриев

Парламент Сенаты сайлауына бюджеттен 136 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловқа сілтеме жасап.


Парламент Сенаты сайлауына бюджеттен 136 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловқа сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға 2014 жылы республикалық бюджеттен барлығы 136 миллион теңге бөлінді", - деп хабарлады Тұрғанқұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, депутаттыққа үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары екі қаржы көзі бойынша қаржыландырылады - республикалық бюджет пен заңды және жеке тұлғалардың қаражаты.

"Республикалық бюджеттен біз телеарналарда сөйлеудің 15 минутын, радиода сөйлеудің 10 минутын, баспасөздегі екі мақаланы және сайлаушылармен кездесу залын жалға алуды, плакаттық өнімді, сонымен бірге, көлікпен қамтамасыз етеміз. Бұл - шамамен 390 мың теңге, ол қажетті үгіт жұмыстарының ең аз мөлшерін қамтиды", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Тұрғанқұловтың айтуынша, екінші қаржы көзінің қаражаты шамамен 14 млн теңге болады. "Бұл қаражатты үміткер өзінің үгіт-насихатын күшейтуге жұмсай алады", - деді ол.

Еске сала кетейік, Парламент Сенатының сайлауы 1 қазанға белгіленіп отыр. Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну 2 тамыз күні басталып, сайлау өтетін күнге бір ай қалғанға дейін созылады. Үміткерлерді ұсыну Астана, Алматы қалалары мен облыстардың, қалалар мен аудандардың мәслихат сессияларында немесе өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша жүргізіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети