21 сәуір 2014 13:50

Парламентке күзге қарай мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заң ұсынылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова ©Тengrinews.kz Тамара Дүйсенова ©Тengrinews.kz

Биылғы жылдың соңына қарай Парламентке "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлеріне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы ұсынылады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.


Биылғы жылдың соңына қарай Парламентке "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлеріне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы ұсынылады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Төменгі Палатаға мүгедектердің құқығын қамту туралы мәселелерге арналған Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осындай деректі алға тартты.

Министрдің айтуынша, жаңа заң отыздан астам нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзудi қарастырып, мүгедектер мүддесін көксейтін болады.

"Парламентке ұсынылатын құжатта мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын құру мәселелері көзделеді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыс жағдайларын жасайтын жұмыс берушілерді қолдау тетігі де қарастырылып отыр. Сондай-ақ мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тетігі қайта қаралмақ", - деді өз сөзінде министр.

Тағы бір айта кететіні, жаңа құжатта Қазақстанда бой көтеретін нысандарды жобалау, салу мен кейіннен пайдалануға беру жүйесінде сәулет, қала салу және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғандардың жауапкершілігі күшейтілетін болады. Халықтың осындай мүмкіндігі шектеулі тобына нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылысы аяқталған нысандарды тапсыру және пайдалдануға қабылдауға қатысатын азаматтардың жауапкершілігі де қарастырып отыр.

Үкімет сағатында Тамара Дүйсенова: "Мүгедектерге теміржол көлігі, әуе тасымалы, су көлігі қызметтерінің қолжетімділігі үшін жағдайлар жасау, мүгедектердің кез келген ақпаратты өзіне қолайлы форматта алу құқығын кеңейту ұсынылады. Бұнымен қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға және сондай тұлғалары бар отбасыларға берілетін тұрғын үйлерді арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау тәртібі енгізіледі", - деп түйді сөзін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети