21 желтоқсан 2014 21:04

Павлодар дәрігерлері баланы қажетсіз ота жасаумен өлтіріп алғаны үшін сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©thekievtimes.ua ©thekievtimes.ua

Павлодарда бір жарым жастағы Айбар Мәдиевтің өліміне қатысы бар дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда бір жарым жастағы Айбар Мәдиевтің өліміне қатысы бар дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайтыс болған баланың анасы Мира Мәдиева Павлодар облыстық балалар ауруханасының реаниматолог дәрігерлері Гүлнара Сәтенова мен Майса Ысқақова, сонымен қатар астаналық Ана мен бала орталығының реаниматолог-анестезиологы Болат Сейдахметовке кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарады немесе дұрыс қарамауы салдарынан адам өлiмiне әкеп соқты деген айып тағылып отырғанын айтып берді. Соттың іс қарауы Павлодар қаласының №2 қылмыстық сотында өтіп жатыр.

Қайғылы оқиға 2013 жылдың қазан айында болды. Бала күріш сорпасын ішіп жатып шашалып қалады. Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген Айбардың аузындағы күрішті ата-анасы үйінде болғанда-ақ шығарған еді. Ата-ананың айтуынша, аурухана дәрігерлері олардың рұқсатынсыз бронхоскопия жасайды. Бұдан кейін бала реанимацияға түседі. Екі тәулік өткенде Айбарда клиникалық өлім болады, тағы да екі күн өткен кезде, дем алатын түтікті ауыстыру кезінде дәрігерлер оның мойнын кесіп жатып, кеңірдегін үзіп алады. Қатты ауырсынудан кейін баланың жүрегі қайта тоқтап қалып, ес-түссіз жатады. Айбар шектен тыс уақыт ес-түссіз жатып, төрт айды өткізеді. Осыдан кейін бала есін жинамастан көз жұмды.    

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің сарапшылары дәрігерлердің әрекетінен қателік тапты. Балаға жасалған бронхоскопияның қажеті жоқ болғаны анықталды, ал оның өлімінің алдын алуға болар еді. 

Болған оқиғадан кейін облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері мен оның орынбасары, сонымен қатар реанимация мен неврология жетекшілерінің қызметі төмендеп, хирургия мен құлақ, мұрын және тамақ емдеу бөлімінің екі жетекшісіне сөгіс жарияланды, тағы үш реаниматолог-дәрігерге ескерту жасалды. 

Осы жылдың сәуір айында Айбар Мәдиевтің ата-анасы Президент әкімшілігіне хат жазды. Олар хатында балаларының өлімі жайлы қылмыстық істің тергеуіне бақылау жасауды сұрады. Хатта олар дәгірерлердің салақтығы мен білімсіздігінен жалғыз баласынан айырылғанын жазды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети